Петропавлда шорт-тректен ел чемпионаты басталды

15 Қыркүйек 2023, 07:17
484
Бөлісу:
Петропавлда шорт-тректен ел чемпионаты басталды
Фото: baq.kz

Петропавлда жасөспірімдер арасында шорт-тректен ел біріншілігі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұндай жарыс теріскей топырағында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

8 өңірден жиналған 120 спортшы сынға түседі.

Жаттықтырушылардың айтуынша, жастар арасында спорттың бұл түріне қызығушылық артып келеді. Мемлекеттік қолдау да бар. Оған өңірлерде ашылып жатқан спорт нысандары дәлел. Сайыс 4 күн бойы жалғасады.

Шорт-трек спортын дамытып жатқан өңірлер саны артуда. Мысалы, осы өңірде ашылғанына 6 жыл болды. Қазірдің өзінде балалар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпиондары мен жүлдегерлері бар, - дейді шорт-тректен ҚР Ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Азамат Әлиев.

Өзгелердің жаңалығы