Петропавлда екі балалы ана суицид жасамақ болды

7 Желтоқсан 2020, 23:42
2031
Бөлісу:
Петропавлда екі балалы ана суицид жасамақ болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда тәртіп сақшылары 6 желтоқсанға қараған түні суицидтің алдын алды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайты.

Жұмысшылар ауылындағы көпірден өтіп бара жатқан тәртіп сақшылары биіктен секірмек болған әйелді байқаған. Олар бірден оған көмектесуге асыққан.

Сол күні 33 жастағы екі баланың анасы өзін сан мәрте соққыға жыққан бірге тұратын еркектің үстінен полицияға арыз жазып қалдырады, бірақ үйіне қайтуға қорқады. Ол құбысының үйіне барып қонбақшы болады, алайда ол оны үйіне кіргізбеген. Сол кезде әбден ашынған әйел бұл өмірмен қош айтысуды жөн көреді. Сөйтіп балаларын аудандағы туыстарына қалдырады, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ол тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталыққа орналастырылды.

Полиция сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, әйелді сабағыш еркекті жауапқа тарту туралы шешім қабылданатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы