Петропавлда 47 жастағы әйел көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, мерт болды, деп хабарлады BAQ.KZ.
Көпқабатты үйдің жанында әйелдің мәйіті жатқаны туралы ақпарат полицияға 6 қаңтарда 12:25 шамасында келіп түскен.
Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келген соң зардап шеккен әйелдің жеке басын анықтады.
Алдын ала болжам бойынша, 47 жастағы қала тұрғыны көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, өзіне-өзі қол салған.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері.