Петропалда лифт құлап, бір адам көз жұмды

5 Қараша 2022, 11:33
643
Бөлісу:
Петропалда лифт құлап, бір адам көз жұмды

Петропалда көпқабатты үйде лифт құлап, бір адам қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ KTK телеарнасына сілтеме жасап.

4 қарашада Петропавл қаласының Полиция басқармасына Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты үйде лифтіге күрделі жөндеу жүргізу кезінде трос үзіліп, салдарынан 8-ші қабат биіктігінен 39 жастағы ер адам шахтаға құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді, - делінген мәліметте. 

Қазір оқиға орнында Петропавл прокуратурасының және полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы