Пестицидтерді мемлекет қазынасынан субсидиялау – сорақы нәрсе

26 Маусым 2023, 19:22
4110
Бөлісу:
Пестицидтерді мемлекет қазынасынан субсидиялау – сорақы нәрсе
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы «Ұлттық идеология және ...» жобасының кезекті қонағы технолог-ғалым Дәулет Егембердиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы, ластанған жерлерді қалпына келтіру, ауыл шаруашылығы жерінің құнарын қайтарумен айналысатын технолог-ғалым топырағы тозған егістік алқаптарын, соры шыққан, тұзды жерлерді қалпына келтіретін тыңайтқыш – биомелорантты ойлап тапқан. Қазір оның 40-тан аса түрлері бар.

Әлемдік ғылыми байқауларда бас жүлдеге ие болып, шетелде үлкен сұранысқа ие Дәулет Егембердиев сұхбатта Семей орманы қанша уақытта қалпына келетінін және оны қалпына келтіретін өнім ойлап тапқанын айтты.

Сондай-ақ Егембердиев әлемдегі аштық қаупі, елдегі ғылыми-зерттеу институттары мен өндіріс арасының алшақтығы, елімізде шетел мойындаған биомелорантты жаппай қолдануға не кедергі екені, жас ғалымдар неліктен шетелде қалып жатқаны жөнінде айтып берді.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы