People’s Daily: «Бір белдеу, бір жол» форумы - тәжірибелік серіктестіктің сенімді алаңы

9 Тамыз 2022, 10:56
1150
Бөлісу:
People’s Daily: «Бір белдеу, бір жол» форумы - тәжірибелік серіктестіктің сенімді алаңы
PHOTO
Фото: автордан

Сиань қаласында «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастығы форумы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Жэньминь жибао» (People’s Daily) газетінің президенті тарихи Сиань қаласында өтіп жатқан жиынға қатысушыларға ризашылығын білдірді.

People’s Daily: «Бір белдеу, бір жол» форумы - тәжірибелік серіктестіктің сенімді алаңы

Сиань қаласынан Жібек жолы бастау алады. Барлық қатысушыға «Жэньминь жибао» (People’s Daily) газеті атынан алғысымды білдіремін. 2013 жылдың күзінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин «Жібек жолы экономикалық белдеуі» мен «ХХІ ғасыр теңіз Жібек жолы» құрылысы бастамасын көтерген болатын. Осы уақыт аралығында бұл жоба тұжырымдамадан әрекетке көшті. Осылайша, ол халықаралық серіктестікке арналған үздік платформаға айналды. Төраға Си Цзиньпин айтып өткендей, «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы Қытайда пайда болса да, оның нәтижелері бүкіл әлемге тиесілі, - деп түсіндірді Туо Чжэнь форумда.

Оның сөзінше, бұл форум - тәжірибелік серіктестіктің сенімді алаңы. Ал әр елдің БАҚ-тары осы платформаны елдер арасындағы достықты және түсінікті нығайту мақсатында пайдаланатынына сенім білдірді.

БАҚ алдағы уақытта да Жібек жолы «рухын» және елдер арасындағы серіктестікті дамытуға септігін тигізеді деп сенемін. Соңғы 9 жылда әртүрлі елдің БАҚ-ы өзара қарым-қатынас туралы ақпаратты таратуда белсенділік танытқандарына, сонымен қатар халықтар достастығын нығайтуға қолдау көрсеткендеріне қуаныштымыз, - деп айтты қытайлық газеттің президенті.

«Жэньминь жибао» (People’s Daily) газеті әлемнің 100-дан астам бұқаралық ақпарат құралымен серіктестік орнатып үлгерді

People’s Daily: «Бір белдеу, бір жол» форумы - тәжірибелік серіктестіктің сенімді алаңы

«Жаһандық даму және өзара байланысты тереңдету» ұранымен өтіп жатқан форумды «Жэньминь жибао» газеті (People’s Daily), Шэньси өлкесінің партия комитеті және провинция үкіметі бірлесіп ұйымдастырды.

Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия, Әзербайжан, Беларусь Республикасы, Латын Америкасы елдері, Оңтүстік Корея, Мысыр және басқа да елдер қатысып жатыр.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына биыл 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында екі ел әртүрлі салада серіктестік орнатты.

People’s Daily: «Бір белдеу, бір жол» форумы - тәжірибелік серіктестіктің сенімді алаңы

«Жэньминь жибао» газетінің өкілі Baq.kz ақпарат агенттігімен серіктестік орнатуға ниетті екендерін жеткізген болатын.

Еске сала кетсек, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанда жаңа Жібек жолын құру туралы бастама көтерген болатын.

Өзгелердің жаңалығы