Пеле ФИФА-ның арнаулы кубогімен марапатталды

28 Ақпан 2023, 09:24
815
Бөлісу:
Пеле ФИФА-ның арнаулы кубогімен марапатталды
Фото: FIFA

Халықаралық футбол федерациясының арнаулы кубогін аты аңызға айналған футболшының жұбайы Марсия Аокиге Роналдо табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат FIFA сайтына сілтеме жасап жазды.

Парижде өткен The Best FIFA Football Awards™ 2022 салтанатты шарасын ашып берген ФИФА президенті Джанни Инфантино өз сөзінде Пелені еске алды.

Пеле ФИФА-ның арнаулы кубогімен марапатталды

«Король – О Рей – Пеле. Пеле туралы не айта аламыз? Пеле – футбол. Ол енді ортамызда жоқ. Қатты сағынамыз. Алайда, Пеле мәңгілік бізбен бірге болады. Бүгінгі салтанатты шараға бізбен бірге қатысқаны үшін Пеленің отбасына алғыс айтамын. Көп рахмет!» - деді ол.

ФИФА-ның арнаулы марапатын Пеленің жұбайы Марсия Аокиге Бразилияның супержұлдызы, халықаралық федерация мақтанышы Роналду табыстады.

Марсия Аоки футболдың әлемдегі барша фанатына, ойыншылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Еске салсақ, Бразилиялық атақты футболшы Пеле 82 жасында өмірден өтті.

Бразилияда футбол королі Пеленің қайтыс болуына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы