Педиатрия орталығы 6000-нан астам балаға көмек көрсетіп отыр - дәрігер

10 Қазан 2022, 17:57
929
Бөлісу:
Педиатрия орталығы 6000-нан астам балаға көмек көрсетіп отыр - дәрігер
PHOTO

Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының құрылғанына биыл 90 жыл толды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еліміздегі "Балалар жылымен" тұспа-тұс келген ғылыми орталықтың мерейтойы қарсаңында «Қазақстан педиатриясы: өткені мен бүгіні және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.  

Балалар денсаулығын сақтау мен нығайту, балаларға сапалы медициналы қызмет көрсетуді ұйымдастыру, балаларды емдеу мен диагностикалаудағы өзекті меселелерін талқылау – қашан да басты назарда екені белгілі.          

Тұқым қуалайтын аурулар мен туа біткен даму ақауларын ерте анықтау мақсатында елде жүкті әйелдер мен балаларға скринингтік зерттеулер жүргізіледі. Жыл сайын 400 мыңнан астам жүкті және 1,6 млн-нан астам бала скринингпен қамтылды. 18 құрсақтағы нәрестені қорғау орталығы құрылып, 1,5 мыңнан астам балану дамыту кабинеті ашылды. Қазақстанда туа біткен ауытқуларды хирургиялық түзетудің инновациялық шағын инвазивті әдістері сәтті қолданылып келеді. Жыл сайын туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестелерге 1,5 мыңнан астам хирургиялық араласу жүргізіледі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша жедел емдеу тиімділігі 85%-дан асады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау вице-министрі В.Дудник ғылыми конференцияда.

Айтуынша, елде балалар кардиохирургиясы мен интервенциялық кардиологиясы табысты дамып келеді. Жыл сайын Қазақстан Республикасында туа біткен жүрек ақаулары бар балаларға 3 және 4 күрделілік деңгейі бар 2500-ден астам хирургиялық оталар жасалады.

Педиатрия орталығы 6000-нан астам балаға көмек көрсетіп отыр - дәрігер

Полихимиотерапияның, гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялаудың, интравитреальді химиотерапияның, ағзаны сақтайтын хирургиялық араласудың заманауи бағдарламаларын енгізу Қазақстанда қатерлі ісіктері бар балалардың жалпы өмір сүру деңгейін 74,6% - ға дейін арттыруға және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді, - деді вице-министр.

Бүгінгі таңда Педиатрия ғылыми орталығы ғылым, клиника және білім интеграциясына негізделген инновациялық дамудың тамаша үлгісіне айналып отыр.

Клиника 90 жыл бойы еліміздің кішкентай азаматтарының денсаулығын сақтауға зор үлесін қосып келеді. Беделді ғылыми орталық отандық педиатрияның қалыптасуы мен дамуында жетекші орын алады. Педиатрия орталығының ұжымына еліміздің кішкентай азаматтарының денсаулығын жақсарту жолындағы жемісті еңбектері үшін шексіз алғысымды білдіремін, - деді С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ректоры Марат Шоранов. 
Сонымен қатар білім ордасының басшысы балаларға сапалы медициналық көмек көрсету мәселесіне еліміздің жоғарғы басшылығының көңіл бөліп отырғанын айтты.

Педиатрия орталығы 6000-нан астам балаға көмек көрсетіп отыр - дәрігер

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының 90 жылдық мерейтойы Балалар жылымен тұспа-тұс келуі қуантады. Осы жылдар ішінде орталық соңғы медициналық технологияларды меңгеріп, диагностиканың, емдеудің және оңалтудың заманауи әдістерін енгізді, елімізге болашақтарынан үміт күтетін мықты жас мамандарды тәрбиеледі, - деп атап өтті ректор.

Бүгінгі таңда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында сүйек кемігін трансплантациялау бойынша бірегей операциялар жасалады, химиотерапияның инновациялық технологиялары енгізілуде. Орталықта асқазан-ішек жолдарының, кеуде бөлігінің туа біткен ақаулармен дүниеге келген балаларға түзетудің инновациялық әдістерін қолдана отыра түрлі күрделі оталар жүргізіледі. Кардиохирургия даму үстінде, онда балалардың жүрек-қантамыр жүйесінің туа біткен даму ақаулары түзетіліп, интервенциялық кардиохирургия қолданылады. 

Педиатрия орталығы 6000-нан астам балаға көмек көрсетіп отыр - дәрігер


Айта кетерлігі, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының негізі 1932 жылы 28 қарашада  Ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми зерттеу институты ретінде қаланды. Бүгінде орталық білікті де тәжірибелі мамандары, қуатты материалдық базасы бар,  жаңа заман талаптарына сай медициналық технологияларды қолданатын жетекші ғылыми-зерттеу және клиникалық мекемеге айналып отыр. Педиатрия орталығында 700-ден астам қызметкер балалар саулығы жолында аянбай қызмет етуде.

Емханада жылына жаңа туған нәрестеден бастап 18 жасқа дейінгі Қазақстанның барлық өңірлерінен 6000-нан астам бала ем алады.

Өзгелердің жаңалығы