Педагогтарға арналған экологиялық оқу құралы шығарылды

Педагогтарға арналған экологиялық оқу құралы шығарылды
486

Оқу құралы өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның экологиялық қоры  «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Жасөспірімдер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру» атты әдістемелік құралын әзірледі.

Басылымда экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша сабақтан тыс іс-шаралар бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдар бар. Оқу құралының материалдарына отандық және шетелдік ғалымдар мен практик-педагогтардың танымал әдістемелері де енгізілген, - дейді «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ басшысы Айгүл Абдуалиева.

Әдістемелік құралдың авторы – Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Жанат Базарбекова.Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, оқу құралы жалпы білім беру мекемелерінің педагогтарына, сондай-ақ халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға мүдделі барлық тұлғаларға пайдалы болады.

«Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы