Педагог тапшылығы бар өңірлерге мұғалімдер қалай тартылады?

10 Наурыз 2022, 15:06
3125
Бөлісу:
Педагог тапшылығы бар өңірлерге мұғалімдер қалай тартылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова аппарат жиналысында мұғалім тапшылығы бар өңірлерге мамандарды тарту қалай жүргізілетінін айтты.

Бұл жұмыс Назарбаев зияткерлік мектептерімен бірлесіп жүзеге асырылады. Сондай-ақ мұғалімдерді таңдау бойынша тиісті құжаттар жасалады, - дейді ол.

Каринова мұғалімдер қандай принциппен тартылатынын түсіндіріп берді.

Конкурсқа қатысқысы келетін барлық мұғалімге бірдей мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ конкурстың адал әрі әділ өткізілуі бірінші кезекте қамтамасыз етіледі. Конкурс екі кезеңнен тұрады. Біріншісі, компьютерлік тестілеу. Екіншісі, әңгімелесу және құжаттарды қарау. Сонымен қатар мұғалімдерді өңірлерге тарту кезінде сапалы мұғалімдерге жағдай жасауды ел Президенті тапсырған болатын. Ол жұмысты өңірлерде орналасқан әкімдіктер және Білім басқармаларымен бірге жүргіземіз. Қазіргі күні ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп айтты вице-министр.

Оның сөзінше, мұғалімдерді өңірлерге тарту бойынша үйлестіру жұмыстары жалғаса береді.

БҒМ өкілі мұғалімдерге қандай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетініне тоқталды.

Мұғалімдердің еңбекақысы, үй-жайы және коммуналдық төлемдері шешіледі. Бағдарламаны сапалы іске асыру үшін мұғалімдердің нақты қажеттіліктерін біліп алу септігін тигізеді. Сол себепті мұғалімдердің арасында қажеттіліктерді анықтау жұмысы жүргізіледі. Сондай-ақ мұғалімдердің АКТ біліктілігі өте маңызды рөл атқарады, - деп толықтырды Шолпан Каринова аппарат отырысында.

Өзгелердің жаңалығы