Павлодарлықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

31 Мамыр 2022, 17:23
2408
Бөлісу:
Павлодарлықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің тұрғындары саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды.

Ресми мәліметтер бойынша облыстың бес мыңға жуық тұрғыны сол жылдары зардап шеккен. Олардың 2500-ге жуығы түрлі лагерьлерге жіберілген. Ал 930 адам жазсықсыз атылып кетті. Еске алу күні тұрғындар жыл сайын мемориал алдына жиналады. 

1920-1953 жылдар аралығында Қазақ жерінде 100 мыңнан астам адам сотталып, 25 мыңға жуығы атылды. Теріс саясаттың салдарынан миллиондаған адам лагерьлерде болды. Біздің ел бес миллионнан астам адам үшін пана болды. Олар Қазақстанға күштеп қоныс аударды. Олардың қатарында түрлі ұлт пен ұлт өкілдері болды. Құрбандарды еске алып, сол тарихи оқиғаларды ұмытпау – біздің парыз, - дейді Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов. 

Павлодарлықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Айту кету керек, облыста ашаршылық және репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс істеп жатыр. Адамзаттың қорқынышты оқиғаларына объективті  және ғылыми баға беру мақсаты көзделген. Қазіргі уақытта 11 бағыт бойынша бес жұмыс тобы бар. 

Павлодарлықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Біздің топ қуғынға ұшыраған бай-кулактар, жазықсыз қудаланғандар мен тәуелсіздік жылдарында құрылған ұйымдар туралы зерттеу жүргізеді. Мамандар өз идеялары үшін жазаланған зиялы қауым өкілдері, ату жазасы кесілген азаматтардың тағдырларына үңіліп, сараптау жүргіземіз. Мәселен, Ертіс өңірінде 1937, 1932 және 1935 жылдары «Ғылым», «Тәуекел» деген бірлестіктер құрылған. Ел тарихын білуіміз керек, - дейді жұмыс тобының мүшесі Айман Зейнуллина. 

Павлодарлықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Осылайша, ғалымдар жыл сайын ел тарихының ақтаңдақ беттерін ашып келеді. Өңірлік комиссия мүшелері қысқа мерзімде кезекті үш мыңнан астам ақталмаған азамат туралы ақпарат жинап, екі мыңнан астам істі зерттеді. Сонымен қатар, облыста 100-ден астам репрессия және ашаршылық құрбаны жерленген мола анықталды. Зираттардың барлығы қоршалып, басына белгілер қойылған.

Павлодарлықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
Өзгелердің жаңалығы