Павлодарлық жеткіншек қатерлі ісіктен айықты

30 Мамыр 2022, 12:05
1271
Бөлісу:
Павлодарлық жеткіншек қатерлі ісіктен айықты
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында жеті жасар жеткіншек үш жылдық ем шараларынан соң қатерлі ісікті жеңіп шықты.

Мамандардың айтуынша, ұл бала үш жыл бұрын іш ауруына шағымданып, облыстық балалар ауруханасына түскен. Балалар хирургі Ерлан Рамазановтың айтуынша, жеткіншекке шұғыл түрде операция жасалды. Ота кезінде қатерлі обыр анықталды.

Ісік ішекте пайда болған. Біз Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы онколог-дәрігерлермен кеңес өткізіп, ем-дом шараларын жүргізуді бастадық. Ең бастысы, емді уақытында бастадық. Операция сәтті аяқталды. Ағзаны қалыпқа келтіру, хирургиялық ем кезінде бала өзін жақсы жағынан көрсетті. Ата-анасы да өздеріне байланысты іс-әрекеттердің барлығын орындады. Ауруханамыздан соң науқас онкологиялық диспансерге жіберілді. Қазіргі уақытта дәрігерлердің жіті бақылауында. Жағдайы тұрақты. Балалар хирургиясы онкологиямен тығыз байланысты. Кейбір операцияларды өзіміздің базамызда жүргіземіз, - дейді Ерлан Рамазанов. 

Жеткіншекке іш ауруына шағымданған кезде «Беркитт лимфомасы»  яғни, ішек ісігі диагнозы қойылды.

Емдеудің хирургиялық кезеңі аяқталған соң Ана мен бала ұлттық орталығына химиятерапиядан өтуге жіберілді. Ем курсы тегін болды. Терапия аяқталған ұзақмерзімді ремиссия бекітілді. Тегін медициналық сақтандыру аясында балалар үш ай сайын кешенді тексеруден өтеді. Жеткіншек қазіргі уақытта ем-дом шараларының барлығын тегін алады. Бала мектепке баруға дайындалып жүр.  Ата-анасы мен туыстарының қуанышына ортақпыз, - дейді облыстық бас онкогематологі Ольга Ким.

Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, өңір бойынша онкологиялық аурулардың диспансерлік есебінде 100-ге жуық ұл-қыз тұр.

Өзгелердің жаңалығы