Павлодарлық студенттер экологиялық челленджге қатысты

4 Қазан 2022, 14:29
1111
Бөлісу:
Павлодарлық студенттер экологиялық челленджге қатысты
PHOTO

Ертіс өңірінің студенттері қоғамның экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған челленджге қатысты, деп хабарлайды  Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетейік, бұл жоба – Қазақстаннның жанашыр студенттері көтерген игі бастама. Шараны ұйымдастырып, қатысуға ниет білдіргендердің қатарында Торайғыров университетінің бір топ студенті болды. 

Біз экологиялық бастама туралы естігенде, бірден қатысуды шештік. Себебі, экологиялық ойлау мен экологиялық әдеттер қазіргі заман жастары арасында трендке айналды, - дейді Торайғыров университеті жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Дәурен Шәріпов.

Павлодарлық студенттер экологиялық челленджге қатысты

Жастар Шымкент қаласының тұрғындары ұсынған эстафетаны қабылдады. Осы жолы Усолка өзенінің жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Осы аумақ қала және шаһар қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған. Халық көп демалғанмен, соңынан көп қоқыс қалдырады. Ертіс өзенінің жайылымы талай рет қоқыстан тазартылса да, тұрмыстық қалдықтардың үйінділерінен арылар емес.

Павлодарлық студенттер экологиялық челленджге қатысты

Бұған дейін мемлекеттік қызметшілер сенбілік өткізіп, бірнеше тонна қоқыс шығарған. Бастаманы жүздеген азамат қолдады. Ал ұйымдастырушылар қоршаған ортаға бейжай қарамаған павлодарлықтарға экошоппер мен бөтелкелерді сыйға тартты. Бұл форматтағы шаралар жалғасын таба бермек. 

Павлодарлық студенттер экологиялық челленджге қатысты

«Өзіңнен кейін қоқыс тастама!». Бұл экологиялық челлендждік ұранына айналды. Жергілікті студенттер шараның эастафетасын Түркістан халқына жолдады.

Өзгелердің жаңалығы