Павлодарлық шаруалар Астанаға 520 тонна өнім апарды

16 Қазан 2022, 14:44
989
Бөлісу:
Павлодарлық шаруалар Астанаға 520 тонна өнім апарды

Ертіс өңірінің шаруалары Елорданың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету мақсатындағы аулы шаруашылығы жәрмеңкесіне 520 тонна өнім апарды, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 100-ден астам фермер сапалы өнімін саудалады. Өңірдің үш қаласы және 10 ауданының шаруалары бас-аяғы 300 млн. теңгенің өнімін апарған. Олардың қатарында ет, сүт, май, көкөніс, нан-тоқаш өнімдері, үн, кондитерлік өнімдер де бар.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, Елордада саудаланапы жатқан азықтың барлығы – жергілікті шаруалардың өз өнімі. 

Бұл – Астанадағы алғашқы жірмеңке болмағандықтан, өңір азаматтары халықтың сұранысын өтеуді мақсат етеді. Жәрмеңкелер барысында елордалықтар ет өнімдері, бал, көкөніс және картопты көптеп сатып алады. Сол себепті осы өнім түрлеріне басымдық берілген. Айта кетейік, сауда-саттыққа осы жолы 60 тонна ет жеткізілді.

«Басты мақсатымыз – Астана қаласының тұрғындарына ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз сату. Яғни, өнім шаруашылықтардан ішкі нарыққа тікелей тасымалданады. Бұл халыққа да, шаруаларға да тиімді. Мәселен, тауар бағасы ішкі нарықтағы өнімдер бағасынан 10-20%-ға арзан. Сондықтан, тұтынушыларымыздың қарасы қалың. Өнім сапасы да жоғары», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев.

Сауда-сатттық ең күн бойы қызды. Келесі демалыс күндері Қарағанды және Ұлытау облыстарының шаруалары да өз өнімдерін ұсынады.

Өзгелердің жаңалығы