Павлодарлық шаруа қарбыздың 40 сұрыбын өсірген

14 Қыркүйек 2022, 18:39
1334
Бөлісу:
Павлодарлық шаруа қарбыздың 40 сұрыбын өсірген
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар облысы Аққулы ауданының шаруалары қарбыз жинау науқанын аяқтауға жақын. Дихандардың бірі биыл тәті жидектің 40 сұрыбын өсірген, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ  тілшісі.

Бұрынғы Лебәжі, қазіргі Аққулы ауданы аймақта қарбыздың Отаны саналады. Өлке шаруалары әу бастан қарбыз өсірумен танылған. Жидек ішкі және сыртқы нарықта «Аққулының қарбызы» деп аталып кеткен.

Жұртқа еңбекқорлығымен танылған бағбандардың қатарында Қайрат Шапуов бар. Шаруа 20 жылдан астам уақыт бойы қарбыз егумен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында түрлі сынақтар жүргізіп, жидектің жаңа сұрыптарын шығарған. Бүгінде оның алқаптарында өсірілетін өнім түрлері 40-қа жеткен.

Павлодарлық шаруа қарбыздың 40 сұрыбын өсірген

Оларды ішіндегі сегіз сұрып – элиталы. Яғни, эксклюзивті. Тұтынушыларымыздың арасында «Қара ханзада» сұрыбы сұранысқа ие. Оның тұқымын Кавказ өңірінің Кубань жерінен әкелдік. Сұрыпты қарбызды Тихонович деген ғалым, бақшашы шығарған. Бұл сұрыпты ТМД елдері ішінде біз ғана өсіреміз. Дәмдік қасиеттері көңілден шығады әрі экологиялық таза өнім. Ешқандай химиялық заттарды пайдаланбаймыз. Сырты сары, іші қызыл, іші-сырты сары эксклюзивті қарбыздарымыз да бар. Тоқсары жидек те бар. бұл екі сұрыпты өзіміз тоңазыту әдісі арқылы шығарып алдық, - дейді Қайрат Шапуов.

Қарбыздарды өсірудің өз ерекшелігі бар. Кей шаруалар тамшылатып суару әдісін пайдаланса, бұл шаруашылықтағы қарбыз жаңбыр суымен өсіріледі. 

Павлодарлық шаруа қарбыздың 40 сұрыбын өсірген

Өніміміздің бір бөлігін Ресейге жөнелтеміз. Биыл 200-ден астам гектарға тұқым септік. Өткен жылдары алқапты 500 гектерға жеткізген едік. Бүгінде гектарынан 25 тонна қарбыз жинап жатқан жайымыз бар, - дейді шаруа. 

Айта кетейік, Аққулы ауданда қарбыз өсіруге 20-дан астам шаруа ден қойған. Оларға арзандатылған дизель бөлу түрінде қолдау көрсетіледі. Бүгінде қарбыз алқаптарының көлемі екі мың гектарға жеткен. 

Өзгелердің жаңалығы