Павлодарлық сарбаздар алғаш рет дауыс берді

20 Қараша 2022, 12:10
1023
Бөлісу:
Павлодарлық сарбаздар алғаш рет дауыс берді

Ертіс өңіріндегі Қазақстан Республикасының ұлттық гвариясы «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының әскери бөлімінің сарбаздары мен қызметкерлері сайлауға қатысты, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Таңертең алғаш рет дауыс беруге келгендердің қатарында 5512 және 6679 әскери бөлімінің жастары болды. Олардың қатарында Семей қаласынан шақырылған Аслан Қартбаев бар. Ол 6679 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүр.

 «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы Бағдат Амангелдінің айтуынша, алғаш рет дауыс берген сарбаздар 18-19 жаста. 

Павлодарлық горнизон бойынша екі дауыс беру учаскесі жұмыс істейды. Бұл жерлерде әскери қызметкерлер, офицерлер, сержанттар таңдау жасайды. Мәселен, 5512 әскери бөлімінің №117 сайлау учаскесінде бірінші рет дауыс бергендерге естелік сыйлықтар қарастырылған, - дейді Бағдат Амангелді. 

Жалпы, Ұлттық ұланның  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерден  6000 жуық  әскери дауыс берді. Сайлауға жауапты азаматтардың хабарлауынша, сарбаздар мен офицерлердің белсенділігі жақсы. Әр дауыс беру орны қажетті құралдармен жабдықталған. Науқанның заңбұзушылықтарсыз өткі үшін бар жағдай жасалған. 

Өзгелердің жаңалығы