Павлодарлық құтқарушылар мұздағы қауіпсіздік шараларын күшейтті

7 Наурыз 2023, 14:37
833
Бөлісу:
Павлодарлық құтқарушылар мұздағы қауіпсіздік шараларын күшейтті
Фото: автордан

Ертіс өңірінің құтқарушылары көктем келісімен мұз үстінде жүру қауіпті екенін ескертіп, қауіпсіздің шараларын күшейтті, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Бірнеше күн бұрын құтқарушылар орталық жағажайда мұз үстінде жүрген бес баланы байқап, шығарып алған. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта су айдындарындағы мұз жібіп, жағалары еріп жатыр. Сондықтан, осындай серуен аса қауіпті. Мұз кез-келген уақытта опырылып қалуы мүмкін.

Осы жағдайдан соң құтқару қызметінің мамандары ата-аналар мен балалар арасында қарапайым сақтық ережелерін түсіндіру бойынша түсіндіру шараларын жүргізіп жатыр.

Облыстық ТЖД жедел-құтқару отряды бастығының орынбасары Серік Шериаздановтың айтуынша, Ертіс және Усолка өзендерінің жағасы бойынша 1,5 сағат сайын патрульдеу жүргізілуде.

Алдын алу шаралары балықшылар арасында да жүргізіліп жатыр. құтқару бойынша жаднамалар таратамыз, түсіндіреміз. Ертістегі мұздың орташа қалыңдығы 50 сантиметр болса да, мұз бен қарға су сіңген. Осы сәтте мұздың құрылымы өзгеріп, қалыңдығына қарамастан, адамдың салмағын көтере алмауы мүмкін. Бірақ, балықшылар құлақ аспай жатады. Көктемгі мұз қысқы мұздан басқаша. Адам мұздың астына түсіп кетсе, табу қиын, - дейді Серік Шериазданов.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін құтқарушылар мұз үстінен 10-нан астам баланы шешіп, ата-аналарына тапсырған. 

Өзгелердің жаңалығы