Павлодарлық полицейлер халықпен ZOOM арқылы кездеседі

14 Шілде 2023, 17:30
722
Бөлісу:
Павлодарлық полицейлер халықпен ZOOM арқылы кездеседі
Фото: автордан

Павлодарлық полицейлер азаматтардың шағымдарын ZOOM арқылы қабылдайды. Бұл тәжірибе «Қазақстандық полицияның сервистік моделі» пилоттық жобасы шеңберінде енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Мамандардың айтуынша, жаңащыл әдіс халықтың шағымдарын қабылдап, шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді.

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, пилоттық жоба өткен жылдың тамызынан бері жүзеге асырылып келеді.

Жоба концепция үш негізгі элементтер құралған. Біріншіден, халыққа сапалы, шұғыл полицейлік қызмет көрсету. Екіншіден, проблемалық бағдарланған полиция, себептерді анықтау және жою арқылы жеке оқыс оқиғаларға ден қою режимінен қауіпсіздік мәселелерін шешу режиміне көшу. Үшіншіден, серіктестік қоғамдық институттар мен мемлекеттік органдардың ортақ жұмысы, яғни, аумақтағы қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешу. Жобаның негізгі бағыты – учаскелік полиция моделін енгізу. Басқаша айтқанда, учаскелік полиция пункті сервис орталығына айналуы тиіс, - дейді Жасқайрат Қайыров.

Пилоттық жоба қолға алынбас бұрын Павлодар қаласынжа оперативті жағдай бойынша сараптама жасалған. Нәтижесінде саладағы негізгі мәселелер анықталды.

Бұрын Павлодар қаласында 19 полиция бекеті болса, қазіргі уақытта олардың саны 12-ге қысқарды. Бұрын әр учаскелік полиция пунктінде 4-5 тәртіп сақшысы жұмыс істесе, жоба бойынша қызметкерлер саны 10-ға жетті. Мекемелерді ірілендіру азаматтарға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Оған қоса, пункттер 12 сағат бойы үздіксіз жұмыс істейді. Сондай-ақ, жаңа пунттердің штатында бір ювеналды және екі патрульдік полиция қызметкері болады, - дейді Жасқайрат Қайыров.

Бұрын учаскелік инспекторлар халықпен бір тоқсанда бір кездесу өткізген. Бұл тәжірибе ескірді. Пилоттық жоба аясында қызметкерлер онлайн форматқа көшті. Осындай ZOOM кездесулер сенбі сайын өтеді. Халықпен өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылады.

Өзгелердің жаңалығы