Павлодарлық полицей ер адамды суицидтен құтқарып қалды

6 Ақпан 2023, 17:36
2498
Бөлісу:
Павлодарлық полицей ер адамды суицидтен құтқарып қалды
Фото: Polisia.kz

 Павлодарлық полицей ер адамды суицидтен құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

5 ақпанда сағат 12:00 шамасында учаскелік полиция инспекторы Дулат Бейсекенов Успен ауданы Константиновка ауылының әкімшілік учаскесін аралап шықты. 

Жексенбіде есепке алынған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексеруді шештім, бірнеше үйді тексеріп, маскүнем санаты бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған 59 жастағы ауыл тұрғынына бардым. Ер адам алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланады және еш жерде жұмыс істемейді. Есікті жұбайы ашып, күйеуінің көшеде екенін хабарлады. Мен үйдің артына бардым, онда ер адамның үйдің қабырғасына кабельді іліп, өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын көрдім. Мен оған жүгіріп барып, көтеріп алдым да, терезені қағып, пышақты шығаруды өтіндім. Ұлы пышақ алып келді, ұлынан әкесін ұстауға көмектесуін өтіндім, ал өзім қабырғаға баспалдақ қойып, көтеріліп, кабельді кесіп тастадым. Туыстарынан жедел жәрдем шақыруды өтіндім. Жедел жәрдем келгенге дейін ер адамның қасында болдым, – деді Дулат Бейсекенов. 

Павлодарлық полицей ер адамды суицидтен құтқарып қалды

Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ер адам облыстық психоневрологиялық диспансерге жатқызылды. Ер адамды теріс қадамнан құтқару сәті павлодар полицейінің бейнежетонына түсіп қалған.

Айта кету керек, учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Дулат Бейсекенов ішкі істер органдарында 2013 жылдан бастап, учаскелік инспектор лауазымында 2019 жылдың сәуір айынан бастап қызмет етеді.

Өзгелердің жаңалығы