Павлодарлық орманшылар қыстап қалған жалғыз аққуды құтқарып қалды

18 Қараша 2022, 18:41
1078
Бөлісу:
Павлодарлық орманшылар қыстап қалған жалғыз аққуды құтқарып қалды
PHOTO

Ертіс өңірінің орманшылары Екібастұз аймағында қыстап қалған аққуды құтқарып қалды, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Жалғыз аққу Екібастұз қаласының аумағындағы Ащысу көлінде жүзіп жүрген. Орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің жетекшісі Аждар Жүсіповтің айтуынша, құстың жүргенін поездың жолсерігі хабарлаған.

Ащысу су айдыны теміржол ойында орналасқан. Жолсерік байқап қалып, бізге хабарлады. Қасиетті құс қиқылдақ тұқымына жатады. Аққу Қызыл кітапқа енген болып шықты. Біздің болжамымызша, құс екі жаста. Аққу құсы кезектен тыс сайлуа аясында құтқарылдықтан, оған Сайлаубек деп ат қойдық, - дейді Аждар Жүсіпов. 

Павлодарлық орманшылар қыстап қалған жалғыз аққуды құтқарып қалды

Ащысу көлі қатудың шақ алдында болғандықтан, аққудың өміріне қауіп төнген еді. Оны уақытында құтқарып қалғанымызға қуаныштымыз. Құсты алдымен орман шаруашылығы мекемесіне жеткізіп, кейін ветеринарлық клиникаға апарамыз. Дәрігерлер аққудың денсаулығын тексереді. Әзірге қанаттының болашағына қатысты қандай әрекет етенімізді шешкен жоқпыз. 

Айта кетейік, бұл – жергілікті орманшылардың алғашқы құтқару операциясы емес. Бұған дейін мамандар орманда жетімсіреп қалған екі еліктің баласын тауып алды. қос төлге Жеңіс және Победа есімдері ерілген. Қазіргі уақытта тұяқтылар шағын зоопаркте тіршілік етеді. Жағдайлары жақсы. 

Өзгелердің жаңалығы