Павлодарлық оқушы жеті ешкісін бағып, шағын ферма ашқан

21 Қараша 2022, 19:14
4359
Бөлісу:
Павлодарлық оқушы жеті ешкісін бағып, шағын ферма ашқан
Фото: автордан

Павлодар ауданы Мичурин ауылының жетінші сынып оқушысы Тимур Рүстемов шағын ешкі фермасын ашты, деп хабарлайды облыстағы BAQ.KZ тілшісі.

Итмур Рүстемов әкесімен бірге бизнес-жоба әзірлеп, мемлекеттік граттан байқауына қатысқан. Осылайша, «Ешкі сүтінен сүт өнімдерін шығару» жобасы 4,8 млн. теңгенің грантын ұтып алды. Жеткіншек үй жануарларына жақын тұратындықтан, әкесі қолдау көрсетуді шешкен.

«Екі жыл бұрын мал ұстағым келді. Алдымен сиыр өсіріп, саумақ болдым. Бірақ, әкемнің кеңесімен ешкі малын өсіруді жөн санадым. Бір жыл бойы ешкіні күтіп-баптау, сауe, сүт өндірісі туралы көптеген әдебиетті оқыдым. Бизнес жоспарды меңгердім.  Ата-анам қарсы болмай, қолдау білдірді. Кейін біз Петропавлдан ешкілерді әкеліп, шағын қора салдық. Ешкілерді күту, саууды интернеттегі видероликтерді көріп, үйреніп алдым», - дейді Тимур Рүстемов. 

Бүгінгі таңда шағын ферманың өндірістік қуаттылығы көп емес. Айына шамамен 300 литр шикі сүт сауылып, саудаланады. Жас кәсіпкер ұтып алған грантқа құрал-жабдықтарды сатып алып, мал басын көбейткен соң, өндіріс көлемі де артпақ.

«Біздің жоба ірімшік және пастерленген сүт өндіруді көздейді. Сонымен қатар, йогурт шығарамыз. Тауар сертификатталады. Алдағы уақытта шикі үт көлемін 1000 литрге жеткізбекпіз. Тоңазытқыш пен арнайы блок модульге тапсырыс беріп қойдық. Жұмысымыз өрге жүзеді деген ойдамын. Себебі, ешкі сүтінің өніміне сұраныс бар. Өніміміздің алғашқы легін осы жылдың соңына дейін аламыз деген ниет бар», - дейді оқушының әкемі Жасұлан Рүстемов.

Осылайша, алдағы уақытта павлодарлық дүкендердің сөресінде ешкі сүтінің өнімдері пайда болады. Жоба шеңберінде бір жұмыс орны құрылады. Өндіріс арта түссе, тағы да жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туады.

Айта кетейік, бұл – балалардың идеясы бойынша жүзеге асырылған алғашқы жоба емес. Бұған дейін Екібастұздық жеткіншек сұлулық салонын ашқан. Ал павлодарлық ағайынды оқушылар тігін машинасын сатып алып, шағын тігін цехын ашуға ниетті.

Өзгелердің жаңалығы