Павлодарлық ғалым өндіріс ошақтары қолданған суды қайта пайдалану мәселесін зерттеп жатыр

3 Ақпан 2023, 13:36
2118
Бөлісу:
Павлодарлық ғалым өндіріс ошақтары қолданған суды қайта пайдалану мәселесін зерттеп жатыр
Фото: Егемен Қазақстан

Торайғыров университетінің жас зерттеушісі Иван Раделюк өндіріс ошақтары пайдаланған суды екінші мәрте қолдану мәселесін зерттеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ  Павлодардағы тілшісі.

PhD докторы, химия және химиялық технологиялар кафедрасының постдокторанты Иван Раделюк ғылыми-зерттеу жұмыстарын үш ай бұрын бастаған. Үш жылға шақталған жобасы үшін ол ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша  15 млн. теңгенің грантын ұтып алған.

Мақсаты – суды қайта пайдалану арқылы тіршілік нәрінің тапылығын алдын алу бойынша математикалық есептеулер жүргізу.

Біздің аймақ пилоттық өңір ретінде таңдалды. Себебі, облыста қажетті ақпараттар мен аметриалдарды жинауға мүмкіндік бар. мәселен, бір-біріне жақын кәсіпорындардың барлығы суды табиғи көздерден алады. Кейін пайдаланғаннан соң белгілі бір сапаға дейін тазартып, қайта босатады. Бірақ, бұдан соң суды басқа зауыттарға тарату жолын қарастырсақ, біз с уресурстарын үнемдеу және сыртқа шығарылатын қалдықтарды көлемін азайта аламыз. Бұл екі мақсатқа қол жеткізуге болады. Бүгінгі күнге дейін негізгі өндіріс орындарында болдым. Атап айтқанда, мұнай-химия, металлургия секторындағы барлық зауыттардың өкілдерімен жүздестім. Сауалнама жүргізіп, мәеленің маңыздылығы, оң және кері жақтарын қарастырдым, - дейді 

Қазақстанда суды пайдалануды оңтайландыру бойынша зерттеулер бұрын-соңды жүргізілмеген. 

Жоба аяқталған соң әр кәсіпорынның су тұтынуы бойынша даму перспективалары белгілі болады. Ең бастысы, математикалық есептеулер шығарылады. Бұл – менің мақсатым, яғни, табиғи суды пайдалану көлемін азайту мүмкіндіктерін қарастыру. Әрине, бұл технологияларды енгізу көп қаражатты қажет етеді. Бұл кәсіпорындардың еншісінде болмақ, - дейді Иван Раделюк.

Айта кетейік, Торайғыров университетінің жанындағы ғылыми хабта 100-ден астам жоба жүзеге асырылуда. Биыл 30 жоба қолға алынған. Жалпы құны 400 млн. теңгеден астам.

Өзгелердің жаңалығы