Павлодарлық кардиохирургтер Семейде 6 айлық балаға жедел ота жасады

10 Қыркүйек 2019, 21:48
1396
Бөлісу:
Павлодарлық кардиохирургтер Семейде 6 айлық балаға жедел ота жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алты айлық сәби «Ашық артериялық ағын» диагнозымен дүниеге келген. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Облыстық кардиоорталықта хабарлағандай, бала шала туылған, операция кезінде екі келі ғана тартқан.

«Ашық артериялық ағын» диагнозы алты айлық баланың өмір сүруіне кедергі жасаған. Баланың ауыр жағдайына және ілеспе патологиясына байланысты Павлодарға тасымалдауға тыйым салынған. Сондықтан Семей қаласының перинаталдық орталығына мамандар бригадасы - балалар кардиохирургы, дәрігер-реаниматолог және үш медбике келді», - дейді клиникада.

Операция бір сағатқа созылып, кардиологтар баланың жағдайын бақылап отырды.

«Ашық артериялық түтікше кезінде жүйелі қан айналымынан қан қолқадан көп мөлшерде өкпеге барады, сол сәтте бала тұншыға бастайды, оған өкпені жасанды желдету қажет. Ми, ішек жағынан асқынудың болуы мүмкін, бұл әдетте өлімге әкеледі. Мұндай жағдайларда тармақ байланады, бұл толығымен емдеу операциясы», - дейді кардиоорталықта.

Сәби жергілікті мамандардың бақылауында болады, себебі әлі де ұзақ уақыт күтуді қажет етеді.

Кардиоорталықтың мәліметтері бойынша, кардиологтар бригадаларының басқа өңірлерге ұшуы сирек кездеседі. Биыл мамандар Екібастұзға балаға кеңес беру үшін санавиациямен ұшып барған. Павлодарлық дәрігерлер соңғы көшпелі отаны 2017 жылы Семейде жүргізген.

Өзгелердің жаңалығы