Павлодарға жаңа қоғамдық көліктер жеткізілді

29 Қаңтар 2023, 13:08
825
Бөлісу:
Павлодарға жаңа қоғамдық көліктер жеткізілді
Фото: Instagram/asaiyn.baikhan

Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл – ZHONG Tong маркалы 12 метрлік үш есікті автобустар. Жалпы сыйымдылығы 85 адамға шақталған, 24 орындық, 8 бейнекамерамен, климатты бақылаумен жабдықталған. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайлы екендігін атап өткім келеді. Қоғамдық көліктерге валидаторлар орнату қажет, – дейді облыс әкімі.

Жаңа көліктерді 5 ақпанға қарай желіге шығару жоспарлануда. Қоғамдық көліктерді көп шағым түскен №111 маршрут бойынша жіберу жоспарланып отыр. Нәтижесінде қозғалыс аралығы 15 минутты құрайды.

Тасымалдаушыға наурыз айының соңына дейін облысқа сыйымдылығы жоғары тағы 40 автобус қою міндеті қойылған. Оның 20-сы Павлодар және 20-сы Екібастұз қаласына арналған. 

Өзгелердің жаңалығы