Павлодарға 2025 жылға дейін 186 инвестициялық жоба тартылады – әкім

25 Қараша 2021, 12:42
720
Бөлісу:
Павлодарға 2025 жылға дейін 186 инвестициялық жоба тартылады – әкім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Павлодар облысының дамуы туралы» облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов есеп беруде.

Павлодар облысында 10 ай ішінде өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2 трлн теңгеден асып түсті. Ондағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 60%-ан артық көрсеткішке жетіп, өңір ел көлемінде  шикізаттық емес өндіріс көлемі бойынша үшінші орынға шықты.

Қазіргі таңда облыстың шикізаттық емес экспорты республикалық көлемде 8 доллар. Өңірдің экспорттық әлеуетінің тағы да 28%-ға ұлғаюына 2025 жылға дейін жалпы көлемі 2 трлн теңге болатын 186 инвестициялық жобаны жүзеге асыру әсер етеді, – деп есеп берді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов ОКҚ-де.

Өзгелердің жаңалығы