Павлодардан Қытайға күнбағыс тиелген контейнерлік пойыз жөнелтілді

1 Сәуір 2022, 18:38
1637
Бөлісу:
Павлодардан Қытайға күнбағыс тиелген контейнерлік пойыз жөнелтілді

Павлодар-Южный станциясынан Қытайдың Ланьчжоу қаласына 40 футтық 54 контейнер тиелген пойыз жол тартты. Ол Алашанькоу-Достық шекарасы арқылы өтеді. 

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіхабарлады.

Пойыз толығымен «Кедентранссервис» АҚ вагондарынан жасақталған. Жүктің салмағы 1400 тоннадан асады. Бір бағыт бойынша жүру уақыты 7 тәулік.

Жүк иелері үшін өнімдерін контейнерлік пойызбен тасымалдау өте ыңғайлы. Өйткені бұл логистикалық шығындарды барынша азайтып, жол жүру уақытын едәуір қысқартады. Келешекте осы бағыт бойынша пойыздар ай сайын жөнелтіліп тұрады, - дейді «Кедентранссервис» АҚ-ның Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Дәурен Асанов.

Контейнерлерлік тасымал – мемлекетаралық тауар алмасуда өте қолайлы тәсіл болып отыр. Ең бастысы жүктің барар жеріне дінаман жетуіне кепілдік бар. Оның сыртында, темір жолдан түсірілген жүкті автомобиль немесе теңіз көлігі арқылы әуре-сарсаңсыз одан әрі тасымалдауға болады. 

Өзгелердің жаңалығы