Павлодардағы колония қызметкерлері тұрғындарға тегін нан таратты

16 Қазан 2021, 16:26
4846
Бөлісу:
Павлодардағы колония қызметкерлері тұрғындарға тегін нан таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодардағы колония қызметкерлері мен «Еңбек» РМК өкілдері павлодарлықтарға тегін балғын нан таратты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ерекше акцияны нан күні қарсаңында өткізу туралы шешім қабылданды.

Үстелдегі негізгі және әлеуметтік маңызы бар өнім – нан екенін бәрі біледі. Нан күніне орай біз ұн сатып алдық, ал сотталғандар облыс орталығының тұрғындары үшін 100 бөлке нан пісірді, – деді “Еңбек” өңірлік филиалының директоры Қайрат Ахметжанов.
Ыстық күйде жаңа піскен нандарды сатушылар мен ҚАЖ қызметкерлері мұқтаж адамдарға арнап дүкен сөрелеріне қойды.
Біз үнемі түрлі акциялар өткіземіз. Бүгін біз мұқтаж адамдарға көмектесеміз. Біз жай ғана нан дүкендерінің сөрелеріне қойып, бұл тегін нан екенін жазуды жөн көрдік. Кім қалайды – сол алады. Нан барлық санитарлық норманы ескере отырып пісірілгенін атап өткім келеді. Колониядағы наубайхана барлық стандартқа сәйкес келеді, өнімнің сапа сертификаты бар, – деп түсініктеме берді АП-162 /4 мекемесінің бастығы Ербол Шәріпов
Дүкен сатушыларының айтуынша, нан тұрғындар арасында бірнеше сағат ішінде бөлініп, алынып кетті. Тұрғындар өнімнің дәмі мен балғындығын бағалады және бей-жай қарамайтын азаматтардан осындай игі шараларды күтетіндерін жеткізді.
Өзгелердің жаңалығы