Асқар Жұмағалиев Павлодардағы ХҚКО жұмысымен танысты

16 Тамыз 2019, 18:47
1701
Бөлісу:
Асқар Жұмағалиев Павлодардағы ХҚКО жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласында іссапармен болған ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өндірісі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысты. 

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, инвесторлар үйіндегі «Заманауи ақпараттық технологиялар мен бизнес» атты IT-форумға қатысқан министр қаладағы №3 ХҚКО бөлімінде де болды. Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева таныстырды. Фронт-офис күніне павлодарлықтарға 1200-ге жуық қызмет көрсетеді, оның жартысынан көбін тұрғындар электрондық форматта алады. 

«Министр бұдан бөлек, жаңадан ашылған көші-қон қызметі орталығында да болды. Шетелдік еңбек мигранттарына «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін орталық 1 шілдеден бастап жұмыс істеп келеді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Павлодарлық филиалда мемлекеттік қызметтер бойынша 723 мыңнан астам қызмет көрсетілген, оның 500 мыңын Ертіс өңірінің тұрғындары өз бетінше "Connection point" секторы арқылы алған. Сондай-ақ павлодарлықтар 150 мыңнан астам ЭЦҚ рәсімдеген, ал мобильді азаматтар базасында тіркелгендер саны 350 мыңнан асты.

Өзгелердің жаңалығы