Павлодардағы электр станциясында жұмысшы қаза тапты

2 Шілде 2022, 05:35
1690
Бөлісу:
Павлодардағы электр станциясында жұмысшы қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақсу электр станциясы қазандық-турбиналық цехының қазандық бөлімшесінде бір адам көз жұмды.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

«ERG Service» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 маусымда сағат 22.03-те аталмыш серіктестіктің қызметкері көз жұмған.

Қазандық және шаң дайындау цехтарын жөндеу жөніндегі слесарь механизмнің ішінде жұмыс істеп жатқан. Жазатайым оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды. «ERG Service» ЖШС ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - деп жазылған хабарламада.

Компания отбасына қажетті көмек көрсетеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 30 маусымда 103 желісі бойынша Ақсу қаласы ЕЭК АҚ станциясы мекенжайы бойынша шақыру түскенін хабарлады.

Жедел жәрдем тоғыз минутта жетті. Зардап шеккен ер адам - 1985 жылы туған машинист-қараушы көз жұмды, - дейді басқармада.

Өзгелердің жаңалығы