Павлодарда жол жабындысының 60 шақырымы жаңартылады

14 Шілде 2022, 16:23
1562
Бөлісу:
Павлодарда жол жабындысының 60 шақырымы жаңартылады
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласында жол құрылысы жұмыстары қызу. Науқан барысындаасфальт жабындысының 60 шақырымы жаңартылады.

Жергілікті билік ауқымды жөндеу шараларына үш млрд. теңгеден астам қаржы бөлген. Облыс орталығында тас жолдардың жабындылары, бордюрлер, қираған кеспетастар ауыстырылып жатыр. 

Павлодар қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Арслан Қалиақпаровтың айтуынша, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталған.

«Жөндеу кампаниясы аяқталған соң жолдарымыздың жағдайы жақсарады. Ал жақсы жолдардың үлесі 90%-ға жақындайды. Облыс орталығында 12 ірі көшедегі жол жабындысы толық ауыстырылады. Сонымен қатар, бұрын-соңды жөндеу көрмеген 50-ден астам ұсақ көше ретке келтіріледі. Бұл учаскелер жекеменшік секторда орналасқан. Науқан шілде айының соңында толық аяқталады деп күтілуде», - дейді Арслан Қалиақпаров. 

Павлодарда жол жабындысының 60 шақырымы жаңартылады

Жол жөндеу жұмыстары қызу жүргізілгенмен, кей мердігерлер жол қауіпсіздігі ережелеріне бай-жай қарамайтындары бар. Тұрғындар тарапынан шағымдар көбейгендіктен, тәртіп сақшылары тексеріс жұмыстарын бастаған. 

Павлодар қалалық әкімшілік полициясы бөлімі мамандарының хабарлауынша, апатты жағдайды тудырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген 125 тұлға жауапқа тартылған. 

«2022 жылдың басынан бері полицейлер 800-ге жуық тексеріс жүргізді. Жолға жауапты тұрғындарға олқылықтарды жою бойынша ескертулер жасалды. Тексеріс нәтижесінде әкімшілік жауапкершілік жауапкершілікке тартылды. Осы жылдың басынан бері қала ішіндегі тексерістер бойынша 40 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды», - дейді мамандар. 

Полицейлердің айтуынша, жиі кездесетін заңбұзушылықтар қатарында жөндеу аумағын темір белгілермен қоршамау, жол белгілерін қоймау және түнгі уақытта жарықтандырмау бар. 

Өзгелердің жаңалығы