Павлодарда жол ережесін бұзған мас жүргізуші ұсталды

11 Желтоқсан 2020, 01:39
1736
Бөлісу:
Павлодарда жол ережесін бұзған мас жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіп сақшылары Қамзин-Толстой көшелерінің қиылысында  алдымен қарсы жолаққа шығып, кейін қызыл жарыққа жүрген Mazda 323 автокөлігін байқаған, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, рульде 36 жастағы павлодарлық  отырғаны анықталды, оның өзімен бірге жеке куәлігінен басқа ешқандай құжаты болмаған.

Қалған құжаттар қайда деген сұраққа жүргізуші «Саша ағайда» деп жауап берген. Сауалнама барысында инспектор алкогольдің иісін сезіп, жүргізушіні медициналық куәландыруға жіберген. Сараптама жүргізуші жеңіл дәрежеде мас болғанын көрсетті, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Одан әрі тексеру кезінде жүргізушінің автомектепте жүргізуді үйренбегені және сәйкесінше оның құқығы да, сақтандыру полисі де жоқ екені анықталды.

Тәртіп бұзушыға қатысты 599-баптың 1-бөлігі, 230-баптың 2-бөлігі және 608-баптың 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жүргізушіні әкімшілік сотталғандарға арналған арнайы қабылдағышқа орналастырды, автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді.
Жыл басынан бері қызметкерлер 481 жүргізушіні ұстады. Олардың әрқайсысын Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырды және әкімшілік қамауға алды, – деді патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Алтынбек Медьяров.

Өзгелердің жаңалығы