Павлодарда жаңа өндіріс іске қосылды

23 Мамыр 2023, 12:12
723
Бөлісу:
Павлодарда жаңа өндіріс іске қосылды
Фото: автордан

Ертіс өңірінде бір жыл ішінде мыңнан астам бизнес жоба қолдау тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Мемлекет қамқорлығының арқасында қайта өңдеу, сауда-саттық, қызмет көрсету салалары қарқынды дамып жатыр.

Мәселен, аймақта соңғы бірнеше жылда жоғары сапалы матрас өнімдері шығарыла бастады. Осы тектес зауыт бұрын-соңды болмаған. «Даму» қоры қолдауының көмегімен кәсіпкер Қазақстанның ғана емес, шетелдік жиһаз өндірісіне қажет өнімдерді жасай бастады. Компания заманауи технологияларды игеріп, бірінші кезекте ішкі нарыққа сапалы өнім ұсынып келеді.

Зауыт төрт жыл бұрын мемлекеттік қолдауға ие болып, цех ғимараты мен құрал-жабдық сатып алған. Ал өткен жылы поролон өндірісін бастады.

Матрас өндірісі бағыттарының бірі – пенополиуретан поролоны өндірісі. Цехты өткен жылы іске қостық. Поролон шығару күрделі технологиялық үрдіс, бұған қол жеткізу үшін сынақтар жүргіздік. Осы цехта 50-ге жуық адам жұмыс істейді. Өнімнің сапасы жақсы. Басты мақсатымыз - тұтынушының сұранысын өтеу. Айлық өндірістік қуаттылығымыз 150 тонна поролон шығарамыз. Шикізат өз өндірісімізге қажет, сондай-ақ, отандық нарыққа тасымалдаймыз. Осылайша, матрас өндірісін толық циклге айналдырдық. Нағыз қазақстандық тауар шығаруға қауқарлымыз, - дейді пенополиуретан өндірісі зауытының бас технологі Дмитрий Барбашов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта осы тектес зауыт Қарағанды және Семей қалаларында жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы