Павлодарда зарарсыздандыру заттары шығарыла бастады

16 Наурыз 2020, 15:23
2013
Бөлісу:
Павлодарда зарарсыздандыру заттары шығарыла бастады
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде зарарсыздандыру заттарының өндірісі іске қосылды. Осылайша, отандық өндіруші шикізаттық тәуелділіктен арылды.

Кәсіпорын Ғылым қорымен бірлесіп инновациялық технологияны ойлап тапты. Бүгінде зауытта шығарылатын материалдардың тең жартысы Қытайдан алынады.

Кәсіпорынның техникалық директоры Борис Шаровтың айтуынша, өнім хлорлы дезинфекциялық өнімдердің негізі болып табылатын қышқылдан жасалады.

1659.PNG

Жаңашыл жобаның мақсаты - Қытайдан алынатын шикізаттар бас тарту. Импорттық өнімден арылып, елге отандық өнім беру керекпіз. Бұл істі жолға қоюға Ғылым қоры көмектесті. Өндірісті қаржыландыру мақсатында 300 млн теңге бөлінген. Бүгінде жаңа өндіріс ошағын "Павлодар" арнайы экономикалық аумақта орналастыру шешімі қабылданды, - дейді Борис Шаров.

Мамандардың мәліметінше, зауыттың қуаттылығы жылына 500 тонна зарарсыздандыру өнімін құрайды. Нарықтан сұраныс өссе, өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта әлемдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты тәуліктік қуаттылық 300 келіден 800 келіге дейін ұлғайтылған. Зауытта 25 түрлі өнім шығарылады. Қарапайым антисептиктің нарықтағы құны 500 теңгеден аспайды. Ал жарамдылық мерзімі 5 жылға жетеді.

Өзгелердің жаңалығы