Павлодарда заңсыз айналымнан 9 бірлік қару тәркіленді

16 Наурыз 2021, 02:48
1660
Бөлісу:
Павлодарда заңсыз айналымнан 9 бірлік қару тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел жағдайды сауықтыру, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу және ашу мақсатында Павлодар облысының аумағында 12-14 наурыз аралығында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында Павлодар полицейлері заңсыз айналымнан 9 бірлік қару мен 30 патронды тәркіледі, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Арыстан Дүйсембаев.

Полиция қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде 2674 қару иесін тұрғылықты жері бойынша тексерді. Қаруды сақтау ережелерін бұзудың 130 дерегі анықталды, бұл әкімшілік іс аясында айыппұл салуға себеп болды.

Мәселен, Май ауданының полиция қызметкерлері ауылдардың бірінде 47 жастағы ауыл тұрғынынан электрошокер, ал Ақсу қаласында 62 жастағы ер адамның гаражынан екі бірлік қару тәркіледі. Тереңкөл ауданының тұрғынынан тиісті құжаттарсыз «ИЖ» маркалы бір ұңғылы мылтық алынды. Барлық қаруларға баллистикалық және электротехникалық зерттеулер тағайындалды, – деп хабарлады Арыстан Дүйсембаев.

Сондай-ақ тіркелген қару иелерін тексеру нәтижесінде азаматтық қару мен оқ-дәрілерді сақтау ережелерін бұзу деректері анықталды. Баянауыл ауданында азаматтық қару иесі басқа қарудың патрондарын заңсыз сақтаған. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Өзгелердің жаңалығы