Павлодарда түнгі уақытта көшеде ән айтқан жігіт жауапқа тартылды

25 Тамыз 2021, 16:48
6282
Бөлісу:
Павлодарда түнгі уақытта көшеде ән айтқан жігіт жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда түнгі уақытта көшеде ән айтқан жігіт жауапқа тартылды,  деп хабарлады Polisia.kz. 

Павлодар қаласының көшесінде сағат 04.00-де өтіп бара жатқан жас жігіт “Түнгі қала бүгін біздікі болады” әнін орындаған.  

Павлодар қаласының полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде 21 жастағы мас павлодарлық Ак.Шөкин көшесінде серуендеп бара жатып ән айтқан. Осындай мінез-құлық үшін жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБК 440-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар тек бір тәулік ішінде 34 мас адам ұсталды, – деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Алтынбек Медияров. 

Павлодар қаласының жолдары мен көшелеріндегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында Полиция басқармасының қызметкерлері тұрақты рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Бұдан басқа, тәулік бойы 102 нөмірі бойынша келіп түсетін барлық шақыруға қызметкерлер дереу шығады.



Өзгелердің жаңалығы