Павлодарда трамвай бағанына соғылған автобус жүргізушісі көз жұмды

19 Мамыр 2024, 16:07
530
Бөлісу:
Павлодарда трамвай бағанына соғылған автобус жүргізушісі көз жұмды
Фото: әлеуметтік желіден

Павлодарда 18 мамырда "ЖЭО-2" жұмысшыларын тасымалдауға арналған автобус трамвай бағанына соғылып, жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция жол апатына жүргізушінің жүрек талмасының ұстауы себеп болуы мүмкін екенін айтады.

Жол апаты Назарбаев-Қазправда көшелерінің қиылысында болған.

Қазправда көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, трамвай бағанына соқтығысты. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. Жол апатының алдын-ала себебі - жүрек талмасы. Өзге мән-жайлар анықталуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады жергілікті полиция департаменті.

Алматыда 17 мамырда Медеу маңында жол апаты орын алды. Жүргізуші мен жолаушы зардап шекті.

Өзгелердің жаңалығы