Павлодарда телефон алаяқтарына көмектескен отбасылық жұп ұсталды

17 Қаңтар 2025, 13:19
290
Бөлісу:
Павлодарда телефон алаяқтарына көмектескен отбасылық жұп ұсталды
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Полиция жалдамалы пәтерде әрекет еткен ерлі-зайыптылардан SIM-box құрылғылары мен SIM-карталарды тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел іздестіру іс-шаралары ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен жүргізілді. 

Жалдамалы пәтерде әрқайсысында 8 слоты бар 5 sim-box құрылғысы анықталды. Онда қазақстандық ұялы байланыс операторларының sim-карталары орнатылған. Олардың көмегімен республика аумағында интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылатын виртуалды абоненттік нөмірлер тіркелген. Сонымен қатар 4 роутер мен қазақстандық және шетелдік байланыс операторларының 53 sim-картасы тәркіленді. Ұсталғандар полицияға жеткізілді. Анықталғандай, олардың міндетіне апта сайын құрылғылардағы sim-карталарды ауыстыру кірген. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, интернет-алаяқтармен және олардың сыбайластарымен белсенді күресті жалғастырып келеді. Жыл басынан бері 9 мыңнан астам нөмір бұғатталды. Олар арқылы 200 мың алаяқтық қоңырау шалынған. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері 28 интернет-алаяқты, sim-box станцияларының 3 "операторын" ұстап, 7 sim-box құрылғысы мен түрлі ұялы операторлардың 285 sim-картасын тәркіледі.

Өзгелердің жаңалығы