Павлодарда тағы бір қазақ мектебі ашылады

5 Шілде 2022, 17:05
1647
Бөлісу:
Павлодарда тағы бір қазақ мектебі ашылады

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығындағы Сарыарқа шағын ауданында таза қазақ тілінде білім беретін мектеп ашылады. Білім ордасына қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың есімі берілген.

Қазіргі уақыттта оқушылардың құжаттары қабылданып жатыр. Математикалық бағыттағы мектеп-лицейі 650 орынға шақталған. Бүгіннің өзінде 600-ден астам ұл-қыз осы жерде білім алуға ниет білдіріпті.

Павлодар қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Қуаныш Қыдыралиннің айтуынша, мектепте физика, химия, математика, биология, география пәндері тереңдетіліп оқытылады. Ал жаңадан келетін педагоигкалық ұжымға қатаң талаптар қойылмақ. Бала қабылдауда шағын ауданның тұрғындарына басымдық беріледі. Сол ауданның үш баласына бір өзге ықшам ауданның оқушысынан келеді. 

Бүгінгі таңда жаңа мектепте жұмыс істейтін мұғалімдердің құжаттарын қабылдау процедуралары анықталды. Оқушыларға сапалы білім беру үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Нысан мамандандырылған кабинеттер, құралжабдықтар, өзге де оқу құралдарымен қамтылады. Сонымен қатар, психологиялық жеңілдену, робототехника, бизнес және кәсіпкерлік, мамандық бойынша бағдарлау кабинеттері қарастырылған, - дейді Қуаныш Қыдыралин. 

Бұл – Павлодардағы мемлекеттік тілде оқытатын оныншы мектеп болмақ. 

Өзгелердің жаңалығы