Павлодарда төрт бөлмелі үй отқа оранды

14 Наурыз 2019, 11:05
1990
Бөлісу:
Павлодарда төрт бөлмелі үй отқа оранды

Астана, BAQ.KZ. Павлодарда төрт бөлмелі үйден өрт тіркелді, деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

«13 наурыз күні сағат 20.48-де кезекшілік бөліміне хабарлама түсті. Асүй мен ұйықтайтын бөлмеде жиһаз бен заттар жанған. Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпып өтті. Барлығы дін аман. Зардап шеккендер жоқ», - дейді департаментте.

Оқиға орнында № 34, № 1 және № 2 өрт сөндіру бөлімдерінен 12 адам жұмыс істеп, төрт автоцистерна жұмылдырылды. Құтқарушылар сыртқа сыйымдылығы 27 литрлік бір газ баллонын алып шыққан. Тілсіз жау сағат 21.33-те толығымен сөндірілді.

Өрттің шығу себебі мен салдарынан келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы