Павлодарда су басу қаупі толығымен жойылды

18 Сәуір 2024, 11:38
208
Бөлісу:
Павлодарда су басу қаупі толығымен жойылды
Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Бұл жайлы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы Дидар Ибраев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың барлық өтінімдері толық көлемде өтелген.

Өңірде облыстық штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда жағдай – тұрақты. Демеушілік қаражат есебінен 98 млн теңгеге 120 отбасы өтемақы алды. Өңірде қалпына келтіруге келмейтін 7 үй тіркелді. Оның ішінде екі отбасыға сол елді мекенде басқа тұрғын үй сатып алынды,-деді спикер.

Сондай-ақ, 5 отбасы үшін жаңа үйлердің құрылысы басталған. Жұмыстар 3 айда аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы