Павлодарда спорт кешенін салғандар 60 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған

2 Қаңтар 2022, 17:53
1669
Бөлісу:
Павлодарда спорт кешенін салғандар 60 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласында «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінің сыртқы желілерін салу және үйлерін абаттандыру, сондай-ақ Ленинский кентінде денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу кезінде ақша қаражатының жымқырғанын анықталды.

А. Ахметов бюджет қаражатын жымқыру мақсатында 2016-2017 жылдары «АзияСпецСтрой» ЖШС, «Ман-Қожа» ЖШС және «Репер-СК» ЖШС сатып алып, оларды жалған тұлғаларға тіркеген, кейіннен аталған кәсіпорындар атынан мемлекеттік сатып алуды өткізуге қатысқан. А.Ахметов А. Бекеевпен, К. Күлтұмановпен, О. Сағынаевпен және М. Ғаббасовпен алдын ала сөз байласу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстардың іс жүзінде орындалмаған актілеріне қол қойды, осылайша мемлекетке жалпы сомасы 59 миллион теңгеден астам залал келтірілді - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті. 

А. Ахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, А.Бекеев 3 жылға, К. Күлтұманов, О. Сағынаев және М. Ғаббасов 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Өзгелердің жаңалығы