Павлодарда өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары жүргізілуде

12 Ақпан 2019, 22:46
2074
Бөлісу:
Павлодарда өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары жүргізілуде

Астана, BAQ.KZ. Павлодар қаласы ТЖ басқармасының мамандары жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен және «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметкерлерімен бірлесіп қаланың төрт ауданында жеке тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін алдын алу және түсіндіру бойынша ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізді.

Үй иелеріне аралау кезінде өрт кезіндегі бірінші кезектегі әрекеттер жеткізілді, сондай-ақ тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары түсіндірілді. Пештерді, электр жабдықтарының газ құралдарын пайдалануға және ұстауға ерекше назар аударылды. Бұдан басқа, азаматтарды жас балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау ауыр қайғылы жағдайлардың туындауына себеп болуы мүмкін.

Өткен аптада 716 үйді аралап, 3225 адамды қамтып, өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша 750-ден астам жадынамалар таратылды.

«Тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында бірқатар өртке қарсы іс-шараларды орындау қажет. Ақаулы немесе қолдан жасалған электр құралдарын пайдаланбаңыз, қосылған электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз, үш айда бір рет, сондай-ақ жылыту маусымы басталар алдында түтіндіктерді және пештерді күйеден тазарту қажет, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды жас балаларға тапсыруға тыйым салынады. Пеш құрылғыларының жанында заттарды кептірмеңіз, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз», деп ескертеді Павлодар қалалық ТЖБ Өртті мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы А. Бүркітбаев.

Өзгелердің жаңалығы