Павлодарда республикалық акциясы аясында 1300-ден астам балаға көмек көрсетілді

23 Қаңтар 2019, 09:59
1537
Бөлісу:
Павлодарда республикалық акциясы аясында 1300-ден астам балаға көмек көрсетілді

Астана, BAQ.KZ. «Қамқорлық» республикалық акциясы аясында Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінде 2019 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясы өткізіледі. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

«Егер сіз балалардың әлеуметтік себептермен (киімнің, аяқ киімнің, мектепке керек-жарақтарының болмауы) және панасыз, қараусыз қалуына байланысты келмеу фактілеріне куәгер болсаңыз, Павлодар қаласы білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі секторының 32-77-80 телефонына хабарлауыңызды сұраймыз», - дейді қалалық білім беру бөлімінде.

Акция басталғаннан бері әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 251 оқушы демеушілік қаражат есебінен жалпы сомасы 993,0 мың теңгеге, 1081 оқушы жалпы сомасы 7898,8 мың теңгеге кеңсе тауарлары, киім, аяқ киім түрінде көмек алды. Демеушілер ретінде ата-аналар, педагогтар, жеке кәсіпкерлер, ұйымдар мен кәсіпорындар қолдау танытты.

Мектептерде киім-кешек жинау ұйымдастырылып, қайырымдылық жәрмеңкелері, концерттер, макулатура, қақпақтар жиналып, түскен қаражат мұқтаж балаларға көмек көрсету бойынша жалпы жиынтыққа жіберіледі.

Павлодар сала және қызмет көрсету колледжімен бірге аз қамтамасыз етілген, көп балалы және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан 35-тен астам балаға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тегін шашын қиып берді.

Акция аясында қайырымдылық көмек көрсету үшін демеушілерді, мемлекеттік құрылымдарды, кәсіпорындарды тарту жұмыстары жалғасуда.

 

Өзгелердің жаңалығы