Павлодарда рұқсатсыз жүрген шетелдіктер анықталды

26 Қараша 2019, 12:00
2111
Бөлісу:
Павлодарда рұқсатсыз жүрген шетелдіктер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында жыл басынан бері көші-қон заңнамасы бойынша шетелдіктердің 7873 құқық бұзушылық жасағаны анықталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, көші-қон қызметінің қызметкерлері жыл басынан бері жоспар бойынша ҚР мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту және көші-қон сипаттағы бұзушылықтарды анықтау үшін облыс аумағында шетелдік азаматтарға тексерістер жүргізеді.

Бүгінгі күні көші-қон қызметімен шет елдіктерге қатысты 7873 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 2859 факті шет елдіктерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық болса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабында көзделген тіркеусіз немесе құжаттарсыз жүргендерге қатысты 4321 факті тіркелді, - деді Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке ҚР ӘҚБК 519-бабына сәйкес 107 құқық бұзушы тартылды.

2019 жылдың он айы ішінде полиция органдарымен 2035 шетелдікке жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат берілді.

Мысалы, 5 қарашада Ресей азаматшасы ішкі істер органдарында тіркелмей елімізде 30 күнтізбелік күннен астам болуымен көші-қон заңнамасын бұзған. Осылайша, ҚР ӘҚБК 517-бабына сәйкес 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - деді департаментте.

Көші-қон заңнамасы ережелерін сақтау құқық бұзу фактілерін азайтуға, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салудың алдын алуға немесе ҚР ӘҚБК 517-бабы және 492-бабына сәйкес қамау мен ҚР аумағынан шығаруды бодырмауға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы