Павлодарда қоқыс арасынан екі Елтаңба табылды

Павлодарда қоқыс арасынан екі Елтаңба табылды
551

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік рәміздерді экологтар алюминий зауытынан он шақырым жерде үйілген құрылыс қоқыстарының арасынан тапқан. 

Бұл туралы  pavlodarnews.kz  хабарлайды.

Полицейлер қылмыскерді іздестіріп жатыр. Ол 6 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді немесе екі жылға дейін бас бостандығын айырылуы мүмкін. 

Мемлекеттік рәміздер мына жолмен жойылады: өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру.


Фото: дереккөз