Павлодарда қоғамдық көлікте жүру жолақысы өзгереді

24 Қараша 2022, 12:51
982
Бөлісу:
Павлодарда қоғамдық көлікте жүру жолақысы өзгереді
Фото: автордан

Павлодардағы қоғамдық көліктерде дифференциалды тариф енгізіледі, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Жалпы, өңірде қалалқы трамвайлар, атвобустар мен маршруттық таксилерде электронды билеттеу жүйесі енгізіліп, бір оператор анықталды. Енді дифференциялды тариф енгізіліп отыр.

Жауапты мамандардың айтуынша, жаңа жүйе бірінші желтоқсанда енгізіледі. 

Енді жолақыны қолма-қол төлеу 80 теңге емес, 130 теңге болады. Ал электронды түрде төленсе, жолақы бұрынғыдай – 80 теңге. Жасы келген зейнеткерлер 50%-дық жеңілдікпен жүреді. Қолма-қол ақшасыз төлесе, жолақы 40 теңге көлемінде сақталады. Егер электронды жүйе бойынша өтемесе, тариф – 65 теңге.  Электронды жүйе бойынша төлеудің бірнеше тәсілі ұсынылады. Атап айтқанда, жолаушылар ұялы телефон арқылы «Avtobys» қосымшасын пайдалана алады. Төлем Kaspi QR көмегімен де қабылданады, - дейді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова.

Мамандардың айтуынша, электронды жүйе қираған жағдайда, жолаушы тегін жүруге құқылы болады. Жеңілдікпен жүретін 15 санатқа жататын павлодарлықтар көліктік картамен жүре алады. Сонымен қатар, қолдарында растайтын құжаты болуы шарт. Шенеуніктердің айтуынша, көліктік карталармен жүру және дифференциалды таривті енгізудегі мақсат – жолаушы тасымалдаушылардың кірісін ашық көрсету. Сонымен қатар, жолаушылар легін реттеуге, санауға септігін тигізеді. 

Өзгелердің жаңалығы