Павлодарда полиция департаментінің қызметкерлері үшін 223 пәтер салынуда

29 Шілде 2019, 21:36
1235
Бөлісу:
Павлодарда полиция департаментінің қызметкерлері үшін 223 пәтер салынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының аумағында, Иса Байзақов көшесі, 131 үй мекенжайы бойынша полиция департаментінің қызметкерлері үшін 223 пәтерден тұратын көп қабатты тұрғын үй бой көтеруде. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, болжам бойынша объектіні 2019 жылдың қараша айында тапсыру жоспарланған.

«Бүгінгі күні тұрғын үй өтемақысын облысымыздың жедел тергеу бөліністерінің 100-ден аса қызметкері алады және осы тізім ай сайын өсуде. Биылғы жылғы 1 шілдеден бастап Үкіметтің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 290 Қаулысына сәйкес жалға берілетін тұрғын үй бойынша өтемақыны қосымша учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары және патрульдік полицияның саптық бөлініс қызметкерлері алады. Оларға да жалға берілетін тұрғын үй үшін ақшалай өтемақы төленетін болады», - дейді департаментте.

Үкіметтің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 Қаулысына сәйкес жедел тергеу бөліністерінің қызметкерлеріне, сонымен бірге жалдамалы пәтерлерде тұратын арнайы бөліністер қызметкерлеріне отбасы құрамына және жалға берілетін пәтердің алаңына қарай жалға берілетін тұрғын үйдің ақшалай өтемақысы төленеді. Өтемақы мөлшері отбасының бір мүшесіне 20 000 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, қалалық және аудандық әкімдіктерінің тұрғын үй қорынан қызметкерлер үшін қызметтік пәтерлер бөлінеді, негізінде ауылдық жерлердегі учаскелік полиция инспекторларына ұсынылады.

2016 жылғы желтоқсанда Павлодар қаласында жергілікті полиция қызметі қызметкерлеріне 110 орындық отбасылық жатақхана бөлінді. Қазіргі уақытта жатақхананың 99 бөлмесінде патрульдік полиция батальонының 41 полицейі, ЖПҚ мен басқа қызметтердің 38 қызметкері, АКҚБ-ның 20 қызметкері тұрады.

Өзгелердің жаңалығы