Павлодарда полицейлерге арналған әмбебап автокешен ашылды

24 Қараша 2022, 14:10
791
Бөлісу:
Павлодарда полицейлерге арналған әмбебап автокешен ашылды

Ертіс өңірінің полиция қызметі үшін әбмебап автокешен ашылды, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Кешен патрульдік көліктерге техникалық қызмет көрсетуге арналған. Басты мақсат – тәртіп сақшыларының қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Біз бұған дейін патрульдік көлікті жууға 1-15 сағат жұмсайтынбыз. Кезек күтіп қалатын жағдайлар да жиі кездеседі. Енді бұл күндер артта қалды. Уақыт үнемдеу арқылы, қызметімізді сапалы атқарамыз. Машинаны жуудан бөлек жөндеп алуға да мүмкіндік бар. Жанар-жағармайды да бір жерде құямыз, - дейді Павлодар қаласы апатрульді полицияның аға инспекторы Рақым Ыбыраев.

Әмбебап кешенде көліктер санаулы минуттардың ішінде жуылады. Кешеннің көмегімен бір сағатта 12, ал бір тәулікте 50 машинаны жууға болады. Темір тұлпарды жөндеу үшін техникалық қызмет көрсету станциясы қарастырылған. Бүгінде жергілікті полиция департаментінің қолданысында 700-ден астам көлік құралы бар. 

Өңірде «Сервистік полиция» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Себебі, әр тәртіп сақшысы халыққа қолжетімді болып, әрдайым көмекке келуі керек. кешенді жоба аясында меодульдік учаскелік бөлімшелер ашылып, полицейлер заманауи құралдармен жабдықталған. Айта кетейік, биыл жүгізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде облыс халқының 66%-ы өз учаскелік полицейін білетін болып шықты. Ал 75%-ы өздерін қауіпсіз ортада өмір сүретіндерін айтқан. Сала мамандарының айтуынша, бұл – жақсы көрсеткіш. Бірақ, арттырған жөн. 

Өзгелердің жаңалығы