Павлодарда өзен жағасынан граната табылды

15 Сәуір 2021, 07:37
1712
Бөлісу:
Павлодарда өзен жағасынан граната табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері  аумақты қоршауға алып, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Сағат 19:30 шамасында полицияға Усолка өзенінен гранатаға ұқсас заттың табылғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына Павлодар облысы ПД жару-техникалық тобының қызметкерлері департаменттің кинологиялық қызметінің қызметкерлерімен бірге келді. Тексеруден кейін граната арнайы капсулаға орналастырылды, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.       

Полиция қызметкерлері қала тұрғыны бұл затты балық аулау кезінде тауып алғанын анықтады. Аталмыш факт тіркеліп, сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіледі. Табылған зат қауіп төндірмейді. 

Өзгелердің жаңалығы