Павлодарда оқушылар мен педагогтер 100% компьютермен қамтылды

7 Сәуір 2020, 07:13
1665
Бөлісу:
Павлодарда оқушылар мен педагогтер 100% компьютермен қамтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мектеп балансындағы компьютерлерді уақытша пайдалануға беру арқылы мәселе шешімін тапты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.


Облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаевтың айтуынша, оқушылар мен педагогтердің 99%-ы үйде интернетке қосылған. 
1-11-сыныптардағы оқу пәндері бойынша бейне сабақтар бекітілген кестеге сәйкес "Ел арна", "Балапан" телевизиялық арналары арқылы көрсетіледі. Телесабақтар аптасына 5 күн, әр сабақ оқу пәндері бойынша 10 минуттан өткізіледі. Сондай-ақ тегін негізде қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін Bilimland.kz, sabak.kz, aitube.kz, Daryn.online.kz, Moodle, Opiq.kz интернет-платформалар жұмыс істейді, – деді Жомарт Қарамбаев.

Сабақ бойынша жоспарлау негізінде педагог білім алушыларға оқулықтан тапсырмаларды өз бетінше оқу/орындау үшін оқу материалы мен интернет-платформаларда (BilimLand) орналастырылған сабақтарды ұсынады (Kundelik.kz; Daryn. online). Сондай-ақ қолжетімді сандық білім беру ресурстарын (Mektep.OnLine; QaradomalakStudio; Ppi.kz Microsoft TEAMS; GoogleClassRoom) пайдаланады.

Қашықтан оқыту мониторингін жүргізу үшін кері байланыс ұсынуға мүмкіндік беретін Kundelik.kz электрондық журнал қолданылады.
Қашықтан оқыту процесін ұйымдастыру дәстүрлі, қатаң бекітілген кесте бойынша емес, икемді, жеке кесте бойынша жүргізіледі. Оқу пәндерінің саны күн сайын мектептің  оқу жұмыс жоспарына сәйкес қарастырылған. Оқу тапсырмалары оқушыларға күн сайын беріледі және білім алушыларға ыңғайлы уақытта орындалады. Білім алушыларға арналған оқу тапсырмаларының көлемі ҚР БҒМ ұсынған көлемнен аспауы тиіс. Электрондық күнделікке қатысу туралы ақпарат енгізілмейді. Қашықтан режимде жұмысты ұйымдастыру кезінде ата-аналардан оқушылардың тапсырмаларды орындауын фото, бейне растау талап етілмейді. Қашықтық форматтағы сабақтар ата-аналардың қолдауын және қатысуын, оқушының тапсырмалармен өзіндік жұмысын талап етеді, - дейді спикер.

Айта кетерлігі, облыста жалпы контингенті 113 422 бала бар 357 мектеп жұмыс істейді. Педагогтер саны – 12325. Барлығы 14 Call-орталық құрылды, 29 қызметкер жұмыс істейді. Call-орталықтардың қызметкерлері барлық сұрақтарға жауап беруге дайын.

Өзгелердің жаңалығы